• Ср. Май 15th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістандық полицейлер тұрғынның жоғалған 18 жасар қызын тауып берді

Автор:REVIZORRO

Фев 25, 2022

Түркістандық полицейлер тұрғынның жоғалған 18 жасар қызын тауып берді деп, Бұл туралы Түркістан обылысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Түркістан қалалық ПБ-ға өзінің қызы жоғалғандығы туралы жергілікті тұрғын арызданып келген. Әйелдің айтуынша күндізгі сағат 14:30 шамасында қала орталығында орналасқан автобекетте қызын өзіне қажетті бір затқа жұмсап, алаңсыз үйіне қайтып кеткен. Алайда базарға кеткен қыз үш күн бойы үйіне оралмаған. Осы уақытқа дейін өз беттерінше іздестіріп көрген ананың айтуынша полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге тура келген. Осылайша тәртіп сақшыларынан көмек қолын созуды сұраған.
Хабар түсісімен әрбір тұрғынның амандығын өз міндетіміз деп санаған полиция қызметкерлері кәмелет жасына енді ғана толған қызды іздеуге бірден кірісті. Бойжеткен қызды табуға жеке құрам қызметкерлері жұмылдырылып, қажетті шаралардың барлығын жүргізді. Баруы мүмкін аймақтар толықтай тексеріліп, әрбір туыстарының, достарының үйлерін қарап шықты. Полицейлер тарапынан жүргізілген тиянақты жұмыстардың нәтижесінде бойжеткен қыз қала аумағындағы саябақтардың бірінен табылды.
Белгілі болғандай оқиға болар сәттен бір күн бұрын қыз ата-анасының рұқсатынсыз құрбысының үйіне қонуға кеткен. Содан соң үйінде жанжал туындап, қыз қайта баруға беттемеген. Анасының айқайынан қашқан қыз 3 күн бойы құрбысының үйін паналаған.
Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлерінің қызметіне риза болған қыздың анасы тәртіп сақшыларына алғысын айтты. «Мен осы Түркістан қаласының тұрғынымын. Қызымды автобекетте күндізгі сағат 14:00 шамасында бір затқа жұмсағанмын. Содан қайта оралмады. Келіп қалар деп осы уақытқа дейін күттім. Оған қоса 3 күн бойы аяғымнан тозып, өз бетіммен іздедім. Бірақ таба алмадым. Содан не істерімді білмей, Түркістан қаласының полиция қызметкерлерінен көмек сұрадым. Олар бірден іске кірісті. Мен енді өзімнің алғысымның шексіз екенін айтамын. Түркістан қаласы полиция басқармасының басшысына және криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысым шексіз. Жанталасып, күндіз-түні іздеп, қызымды тауып берді. Полиция қызметкерлерінің арқасында қызым табылды. Шынайы ризашылығымды жеткіземін. Разымын сіздерге!».
Түркістан обылысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?